Танымал гитарист Ақсұңқар Қайрат Нұртасқа ренжулі екенін айтты
Әлеуметтік желіде танымал болған музыкант Ақсұңқар Жүнісбаев Қайрат Нұртасқа деген ренішімен бөлісті.
Ол Taboo бағдарламасында Қайрат Нұртастың «Сені сүйем» әнінің қайырмасын жазғанын және оны әнші еш жерде айтпайтынына налыды.
Расында да гитарист әншімен жиі әлеуметтік желіде шығып тұрады.
«Әннің қайырмасын мен жаздым. Бірақ ол көп жерде айтылмайды. Осы нәрсеге өкпелеп қалдым. Қайрат аға екеуміз отырдық, қасымызда Олжас аға бар. Осы ән тура осылай шықты. Таксиде Аргоня келе жатқан. Дәл ән шыққанда, Қайрат аға екеуміз әнді айтып, видео түсірдік. Аргоняға «мәтін жаз» деп жіберді. Келгенше екі шумақ, бір қайырманың сөзін жазып тастаған. Соған риза болдым. Келгеннен кейін екеуіне де ұнап қалды» деді музыкант.
Ақсұңқардың айтуынша, Қайрат Нұртас әннің авторы ретінде кез келген жерде өзін көрсетеді екен.
«Бірақ ең тәтті жерін мен шығардым ғой деген нәрсе ішімде қалып кетті. Айта алмайсың да оны, көңілін қимайсың. Қайрат аға жеке өзіміз отырғанда: «Бұл әнді Ақсұңқар бауырым екеуміз шығардық» деп айтады. Ал басқа жерлерде «әнін өзім жазғанмын» дейді. Көремін де, мақұл деп ренжімеймін. Өзім жақсы көретін ағам, - деді Ақсұңқар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық