Танымал блогерлер мектеп директорынан ақша бопсалауға тырысты
Фото: ZOOM.CNews
Сайрам аудандық прокуратурасы басшылығымен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, барысында полицейлер ақша бопсалаған екі азаматты ұстады.
Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі танымал блогер жергілікті мектеп директорынан оның іскерлік беделіне нұқсан келтіреміз деп қорқытып, Facebook әлеуметтік желісіндегі компроматты өшіргені үшін 100 мың теңге талап еткен.
«Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды» деп 13 маусымдағы мәлімдемесінде қадағалау органы хабарлады.
Іс бойынша қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық