Танымал актер Асқар Наймантаев дүниеден озды
Танымал қазақстандық актер Асқар Наймантаев өмірден өтті, деп хабарлайды Orda.kz. Мәдениет қайраткерінің қайтыс болғанын оның достары Facebook желісінде хабарлады.
Асқар Наймантаев 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген. Актердің әкесі Әбдіғалым Наймантаев «Нарынқол халық театрында» режиссёр, анасы Рафия Райжанова сол театрдың актрисасы болып қызмет атқарған.
Асқардың балалық шағы осы театр іргесінде өтті. Халық театр сахнасына ең алғаш М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» спектакліндегі Еңліктің баласы рөлінде жөргекте жатқан кезде шыққан. Өзі режиссёрлық кәсіппен мектеп қабырғасынан айналыса бастаған. Мектеп сахнасында 6-сыныптан бастап Қ.Жетпісбаевтің «Бала мерген», С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» сияқты бірнеше спектакльдерді сахналады.
Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше.
Ол ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырларын дәріптеуші ретінде де едәуір еңбек етіп, «Бүгін менің туған күнім» атты концерттік жобасы республикалық телеарналар арқылы бірнеше жыл қатарынан өткізді.
«Мұқағали атындағы сыйлықтың» құрылтайшысы болып, Мұқағали мұрасын дәріптеуге еңбек еткен жазушы, ақын, әнші, композиторларды марапаттады.
Тамыал актерге 2008 жылдың 8 желтоқсандағы Үкімет Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Бірнеше пьеса, киносценарийлер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашты.
Марқұм осыдан 1 апта бұрын өз Instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық