Тамара Дүйсенова кімдерге хиджабпен жұмысқа баруға болатынын айтты
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісінен кейін жұмыста хиджаб кию мәселесіне байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
«Жалпы ол жөнінде ешқандай норма жоқ. Бірақ өздеріңіз де білесіздер. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы да пікірін айтты. Естеріңізде болса, әсіресе өткен жылы бұл мәселе мектепке байланысты көп болды. Оны егер азамат өзі таңдаса, өзінің таңдауы болса, ол оның Конституциялық құқығы», – деді вице-премьер журналистің сұрағына берген жауабында.
Бақ өкілінің «Тіпті мемлекет қызметшісіне де хиджабпен жұмысқа келуге рұқсат бар ма?» - деген сұрағына
«Ол өзінің құқығы ғой. Себебі оған ешқандай шектеу жоқ. Бірақ біз қандай мемлекет екенімізді ұмытпайық. Біз өзімізді зайырлы мемлекетпіз деп есептейміз. Сондықтан да біз сол Конституцияға сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді Тамара Дүйсенова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық