Тамара Дүйсенова Ербаян Мұхтардың еміне неге ақша халықтан жиналғанын түсіндірді
Фото: ҚР үкіметінің баспасөз қызметі
Әскерде жарақат алып мүгедек болып қалған сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне қазақстандықтар не үшін ақша жинады деген сауалға үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне деп қазақстандықтар қомақты қаражат жинаған болатын. Осы орайда неліктен мемлекеттік тиісті ем-шара көрсетілмеді деген сауалға Тамара Дүйсенова Ербаянның ата-анасы мемлекет қандай көмек көрсетуге міндетті екенінен хабарсыз болғандығын айтты.
«Бұл жерде олар өз құқықтары жайлы ақпаратты толық білмеді. Егер мемлекеттен қандай көмектің тегін көрсетілетіндігін білгенде кез-келген көмекті жедел түрде алатын еді», — деп қысқа қайырды Дүйсенова.
Сонымен қатар, брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сарбазға дәрігерлердің қандай көмек көрсеткенін айтты.
«Науқасқа тиісті ота жасалды. Операциядан кейінгі кезеңде 26 күн бойы оңалту шаралары да тиісті түрде өткізілді. Дәрігерлердің рұқсатымен әрі ұсыналған ем-шаралармен науқас үйіне шығарылды. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Біз сарбаздың анасымен хабарластық, қазір Ербаянды оңалту орталығына дайындап жатыр», – деді Әлназарова.
Сондай-ақ министр Ербаян Мұхтарға еліміздегі қажетті медициналық көмектің барлығы тегін көрсетілетінін баса айтты. Бірақ шетелде оңалтуға келетін болсақ, ол ата-анасының таңдауы және оны сарбаздың өзі төлейтіндігін айттты.
Жаңалықтар
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест пайда болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?