Талибандар БҰҰ-н гуманитарлық миссиямен қалуды сұрады
Талибандар БҰҰ-нан елде қалып, бұрынғыша қолдау білдіріп, гуманитарлық қызметті жалғастыруды сұрады, деп мәлімдеді БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық үйлестірушісі Рамиз Алакбаров.
Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.
Рамиз Алакбаровтың айтуынша, БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық кеңсесі мен Талибан арасындағы өзара іс-қимылы 18 жылдан бері жалғасып келеді.
– Біз олармен үнемі жұмыс істеп келдік. Гуманитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қарым-қатынас орнаттық, - деді Алакбаров.
Оның айтуынша, соңғы күндері кеңсе мен тәліптер арасында «жаңа келісімдер» болған жоқ.
– Бізде қызметтік байланыстар бар. Олар бізге әрқашан қолдау көрсететініне сендіреді. Осы жолы тағы да қолдау білдірді және осында қалып, гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруды сұрады, - деді Алакбаров.
Сонымен қатар, ол аумалы-төкпелі жағдайда «барлық нәрселер анықталып, азғантай ерекшеліктерге дейін айқындалатынын» айтты.
– Бұл, ең алдымен, гуманитарлық жағдайда жұмыс істейтін әйелдердің жұмыс орнына кіруін қамтамасыз ету мәселесі, - деді Рамиз Алакбаров.
Оның айтуынша, кейбір аудандарда әйелдер осындай кедергілерге тап болады, бірақ «бәрі қай облыста командир екеніне байланысты».
– Біз әлі орталықтандырылған нұсқауларды көрмедік, - деп қосты ол.
Еске салсақ, БҰҰ-ның 141 мүшесі Ауғанстаннан Қазақстанға, атап айтқанда Алматыға әкелінген.
Талибандар - Жоғарғы Соттың шешімі бойынша Қазақстанда тыйым салынған ұйым.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық