Талибандарға балалар мен қарттарды қалқан ретінде қолданған деген айып тағылды
Фото: ВВС
Өзін уақытша мемлекет басшысы деп жариялаған Ауғанстан вице-президенті Амрулла Салех «Талибан» лаңкестік ұйымының содырларын (Қазақстанда Жоғарғы Соттың шешімі бойынша бұл қозғалысқа тыйым салынған) балалар мен қарттарды қалқан ретінде пайдаланды деп айыптады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мұндай айып туралы Амрулла Салех өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Talibs aren't allowing food & fuel to get into Andarab valley. The humanitarian situation is dire. Thousands of women & children have fled to mountains. Since the last two days Talibs abduct children & elderly and use them as shields to move around or do house search.
— Amrullah Saleh (@AmrullahSaleh2) August 23, 2021
– Талибандар Андараб алқабына азық-түлік пен жанармай кіргізбейді. Гуманитарлық жағдай өте ауыр. Мыңдаған әйелдер мен балалар тауға қашып кетті. Соңғы екі күннен бері Талибандар балалар мен қарттарды ұрлап, оларды жылжуға және үйлерді іздеуге арналған тірі қалқан ретінде пайдаланып жүр, - делінген хабарламада.
Бұл уақытта қашып кеткен президент Ашраф Ғани кезінде Ішкі істер министрі болған Мұхаммед Масуд Андараби халықаралық құқық қорғау ұйымдарын Андарабтағы содырлардың әрекетін тексеруге шақырды.
– Талибандардың бейбіт тұрғындарға жасаған қиянаты ақталмайды, - деп жазды ол Twitter-де.
طالبان عملن در برابر مردم ملکی و بیگناه در اندراب دست به ماشه هستند. طالب باید بداند بالجاجت و جبر صاحب حاکمیت و اراضی نخواهد شد. اعمال طالبان عليه مردم نا بخشيدني است و نهاد ها حقوق بشري اعمال شان را در اندراب مورد پيگرد قرار دهد. https://t.co/ymuDMdAkAv
— Masoud Andarabi (@andarabi) August 23, 2021
Бұған дейін Талибандар АҚШ әскерін 31 тамызға дейін шығару керек деген талап қойды.
Еске салсақ, 15 тамызда Талибандар Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алды. Олар Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялады. Сол күні Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық