Талибан университеттерінде әйелдер жазған кітаптарды оқытуға тыйым салынды
Фото: dpa.com
Тәліптер университет бағдарламаларында студенттерді әйелдер жазған барлық кітаптармен оқытуға тыйым салды. Сонымен қатар адам құқықтары мен жыныстық зорлық-зомбылық сабақтарын оқытудан бас тартты, деп хабарлайды Orda.kz.
Талибанда 680-ге жуық басылым «алаңдаушылық тудыратын» кітаптар тізіміне енген. Олардың 140-ын әйелдер жазған. Биліктің пікірінше, бұл кітаптардың мазмұны шариғат қағидаттары мен жаңа жүйенің саясатына қайшы келеді. Жоғары оқу орындарына ресми идеологияға «тура келмейтін» 18 пәнді тоқтату туралы нұсқау берілді.
Тәліптер бұл қабылдаған шешімдері арқылы «әйелдердің құқықтарын құрметтейтінін» айтты.
Оқу басылымдарын тексеру жөніндегі комиссияның өкілі үкімет жанындағы Әділет министрінің бұрынғы орынбасары Закия Аделидің еңбектерін де тексеріп шықты. Ауған әйелдерінің шығармаларынан басқа, университет бағдарламаларынан ирандық авторлар мен баспалардың материалдары да алынып тасталады. Енді билік оқуға болатын кітаптарды өздері жазып бермекші.
Айта кетейік, Пәкістанда атажұртын аңсаған қазақтарды Ауғанстанға жер аударып жатыр. Қазақстан үкіметінен ешқандай жауап болмаған соң, қазақтар полицияға өз еркімен берілгелі жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін тілшіміз Ауғанстандағы қазақтар жайлы жазған болатын. Бір жыл бұрын тамыз айында «Ауғанстан қазақтарының мәдени қоғамы» атты қоғамдық ұйымның ресми тіркеуден өтті. Orda.kz ауған қазақтарына хабарласып хал-жағдайын сұрастырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық