Талибандар Орта Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді
Фото: Ресей СІМ баспасөз қызметі
8 шілдеде Мәскеуге келген Ауған талибандарының делегаттары Ресей үкіметінің өкілдеріне Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Мәлімдеме Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Келіссөздер кезінде Ресей президентінің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Замир Кабулов елдің солтүстігіндегі жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдірді. Делегация мүшелері Орталық Азия мемлекеттерінің шекаралары мен ел аумағындағы шетелдік өкілдіктердің қауіпсіздігіне кепілдік берді.
Делегация өкілдері барлық этностардың мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу арқылы елде тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге мүдделі екендіктерін, сондай-ақ исламдық нормалар шеңберінде адам құқықтарын, оның ішінде әйелдерді құрметтеуге дайын екендіктерін растады.
Сонымен қатар, бұл топтың Ауғанстандағы ДАИШ қаупімен күресу және азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін елде есірткі өндірісін жою туралы берік шешімі баса айтылды.
Сондай-ақ, Қырғыз-тәжік шекарасындағы әскери қызметекерлер арасында атыс болды.
Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға шамамен кешкі сағат 17:00-де болған.
– Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметі шекарашыларының күзет отряды Баткен облысы Лейлек ауданындағы Наумин асуы аймағында қырғыз-тәжік шекарасы бойында қызмет еткен. Чашмагилдан асуы аймағында кенеттен тәжік шекарашылары шабуыл жасады. Әскери қызметкерлер арасында атыс болды, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның себептері мен мән-жайларын білу үшін оқиға орнына Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Баткен облысы бойынша Шекара қызметінің бастығы полковник Кыялбек Төлонбаев пен қауіпсіздік органдарының басшылары аттанғаны айтылды.
– Тараптардың шекара өкілдері осы факт бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде, - деп қорытындылады департамент.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық