Тальгодағы зорлау оқиғасы: «Жолаушылар тасымалы» әйелге 3 млн теңге өтемақы төлейді
Фото: freepik.com
«Жолаушылар тасымалы» пойызда зорланған әйелге 3 млн теңге төлейді. Талапты астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы жәбірленушіге 3 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысын төлейді. Алайда құқық қорғаушылар бұл шешіммен келіспейді. Бұл туралы «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ уәде етілген қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін кінәлі деп танылып, зардап шеккен әйелге 3 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеуі керек. ҚТЖ ұлттық компаниясы жауапкершіліктен қашты», - деп жазды ол.
Зардап шеккен тарап 832 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Әйел болған оқиғадан кейін ем қабылдаған, кәсібі мен табысын жоғалтқан. Екі рет өзіне қол жұмсауға тырысқан. Елдің әңгімесінен ұялып, жағдайды ұмыту үшін басқа елге көшіп кеткен.
«Сот пен компания оның шығындары мен құртылған өмірін 3 миллион теңгеге бағалады», - дейді қор жетекшісі.
Бұл атышулы іс әлі күнге дейін қоғамның есінде. 2018 жылдың қыркүйегінде жәбірленуші Астана – Ақтөбе бағытындағы «Тальго» пойызына билет сатып алған.
Алдымен оның купесінде бір жолаушы болған. Кейін әйел мейрамханадан тамақтанып, қайтып оралғанда, купеде трико мен майка киген жолсерік отырған. Ол көршісін басқа орынға жайғастырғанын айтып, өзі сыра ішіп отырған. Әйел жолсеріктен бірнеше рет кетуін сұраған. Ол кеткен соң есікті кілтпен жауып, ұйықтап қалған.
Шамамен таңғы сағат 4-те келіншек оянып кеткен, себебі жанында сол жолсерік жатқан. Ол есікті өзінің кілтімен ашқан. Ер адам әйелді зорлаған. Ол шығып кеткеннен кейін купеге тағы бір жолсерік кірген.
Содан кейін әйел полицейлерді шақырған. Оқиға Қостанай облысы аумағында болды, сондықтан тергеумен жергілікті полицейлер айналысқан.
Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов есімді жолсеріктер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 1-бөлігі («Зорлау») бойынша кінәлі деп танылып сотталды. Алайда олардың бірі бостандыққа шығып кеткен. Бұл туралы жәбірленушіге айтпаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық