Талғардағы жасөспірімнің өлімі: Айтбек Амангелді марқұмның отбасына адвокат ұсынды
Фото: Бейнеден кадр
Талғарда қайғылы жағдайда қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің отбасына Салтанат Нүкенованың ағасы құқықтық көмек берді. Қоғамдық қорғаушы Айтбек Амангелдінің бастамасымен іске үш адвокат пен құқық қорғаушы Саида Тәукелеваның қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокаттар тегін, «про боно» негізінде қызмет көрсетеді. Бұл туралы Амангелді:
«Мемлекет тарапынан ұсынылатын кезекші адвокаттар емес, бізбен бұрынғы қылмыстық істерде бірлесе жұмыс істеген кәсіби команда іске кіріседі», – деді Айтбек Амангелді.
Еске сала кетсек, Облыстық прокуратура 7 адамның ұсталғаны жайлы мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Orda.kz Талғар қаласында марқұмның жақындары мен басқа да адамдардың көшеге шығып, жолды жауып, наразылық көрсеткені жайлы жазған болатын. Олар 13 адам ұсталуы керек екенін, қазір 7 адам ғана ұсталғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық