Талғардағы төбелес: Шерзатты өлтіргендердің бұрын не үшін сотталғаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден
Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан төбелеске қатысты жеті адам қамауға алынды. Жасөспірімді өлтірген күдіктілердің осыған дейін де сотталғандары белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдіктілердің екеуі бұған дейін де бұзақылық бабы бойынша сотталған болып шықты. Олар қазір Талғар ауданында пробациялық бақылауда екен. Олардың бірі – Нұрқияс Ілиясов, ал екіншісі – Шынасыл Абзал.
Сот кабинетінің ақпаратына қарағанда 1998 жылы туған Нұрқияс Ілиясов пен 2000 жылы туған Шынасыл Абзал бірнеше ай бұрын ғана істі болған.
Ілиясов 2023 жылғы 28 шілдеде мас болып бармен Р.Тұрыспеков деген азаматты ұрған. 1 қыркүйекте тағы да мас күйде М.Сүлейменов деген ер адамды соққыға жыққан. Араға он күн салып 10 қыркүйекте жанар-жағармай бекетінде А.Манап деген азаматпен жанжалдасып, оны да соққы астына алған.
Ал Шынасыл Абзал тараптардың татуласуынан кейін әр жолы ешқандай жауапкершілікке тартылмаған.
Шерзаттың ата-анасының айтуынша, төбелеске 13 адам қатысқан. Ата-ана олардың барлығының “хуторский” қылмыстық тобының мүшелері екенін айтады. Алайда Алматы облыстық полиция департаменті күдіктілердің қылмыстық топ мүшесі екені туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімді бір топ адамның пышақтап кеткенін хабарлаған едік.
Марқұмның ағасы қанды оқиғаның жай-жапсарын айтты.
Талғарда қаза болған баланың әкесі ашық сот өтуін талап етті.
Жасөспірімнің өліміне күдікті ретінде 7 адам ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық