Талғардағы қанды оқиға: Марқұмның ағасы мән-жайды айтты
Фото: Видеодан алынған кадр
Алматы облысы Талғар қаласында төбелестен мерт болған жасөспірімнің ағасы оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz Stan.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлемеген. 16 жастағы Шерзат ағасы Нұрқанатқа хабарласып, дүкенге келуін өтінген.
“Олар дүкенге кіріп, менің ағаммен ерегісіп қалады. Сатып алушы боқтап сөйлейді. Менің бауырым намысшыл «менің әкеме не деп жатырсың?» деп оны ұрады. Кейін кешірімін сұрап, беті-қолын жуады. Сол кезде жігіт шетке шығып, достарына хабарласып, оларды шақырған», - деді марқұмның ағасы.
Жанжал Нұрқанат оқиға орынына жеткенде басталады. Оның айтуынша, бірінші келген көліктен түскен жігіт «болды, ішіп алғандардың әңгімесі ғой» деп ымараға келген. Бірақ тағы бірнеше көліктен түскен жігіттер жұдырық ала жүгірген.
«Сол жерде төбелес басталды. Бұлар пышағымен, мылтығымен дайындалып келген. Олар өлтіріп тастауға келді.
Мен тұрғанмын, Шерзат тартады мені. Сол тартқан кезінде, қайсысы екенін білмей қалдым, біреуі пышақ тығады. Шерзат, қаш, деп итеріп жібердім. 10 метр жерге жүгіріп барғаннан кейін, Шерзат отыра қалды», - дейді Нұрқанат.
Марқұмның ағасы Шерзатқа пышақ сұғылғанын дереу түсініп, жанына барған.
«Соңғы сөзі «Нұрқанат аға» болды. Мен құшақтап алдым. «Жігіттер, қоя тұрыңдар, жедел жәрдем шақырыңдаршы» дегенімді ешкім елемеді. Керісінше мені тартып, жұлқылап, баланы өлтіріп тастағылары келіп тұр», - деп еске алды марқұмның ағасы.
Нұрқанат бір топ жігіттің өзімен қатар азаматар екенін айтты.
Жаңалықтар
- Таразда 10-сынып оқушысын бір топ ұл соққыға жығып, көзінен айырды
- АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан арасында алғаш рет келіссөз жүріп жатыр
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды