Талғардағы бассыздық: Хасан Қасымбаев 8 жылға сотталуы мүмкін
Фото: instagram/ Хасан Қасымбаев
«Хуторлықтар» атты ұйымдасқан қылмыстық топың жетекшісі деп танылған Хасан Қасымбаевтан зардап шеккен Арман Әлімовтің анасы баспасөз конференциясында оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлімовтің анасының айтуынша, Хасан Арманға басқа ауданның адамдарын оған қарсы қойды деп ашуланған. Осыдан кейін Хасанның адамдары Арманның үйін аңди бастаған, кейін оны ұрып-соғып, көлікке салып алып кеткен.
«Қазан айының соңында бізді Алматы облысының полиция департаментіне ескі іс бойынша шақырып, қайтадан жауап алды. 2021 жылғы 17 маусымда ұлымды соққыға жығып, ұрлап әкетті. Оны адам жоқ жерге апарып, соққыға жығып, қинаған. 3 жыл бойы сот ісі жалғасты, енді іс қайта ашылған сияқты. Біз куәлік бердік, ал ұлым қылмысты ұйымдастырушы ретінде Хасан Қасымбаевты көрсетті», – деді Әлімовтің анасы.
Оның айтуынша, баласын ұрып-соғып ес-түссіз айдалаға тастап кеткен. Есін жиған соң, ол інісіне қоңырау шалған. Інісі оны алып кетіп, ауруханаға жеткізгеннен кейін үйінде оларды полиция қызметкерлері күтіп алған екен. Сонымен қатар, Арманды ұрып-соғу кезінде Хасан видеобайланыс арқылы барлығын бақылап отырған. Кейін ол өзі де оқиға орнына келіп, қалғандарымен бірге кеткен.
«Ұлым 3 апта бойы ауруханада жатты, осы уақыт ішінде полиция тарапынан оған арыз бермеу үшін қысым көрсетілді. Алғашында іс бұзақылық бабы бойынша қозғалды, бірақ қоғам тарапынан қысым болғандықтан, ол адам ұрлау бабына ауыстырылды. Айқын дәлелдерге қарамастан, әділдікке қол жеткізу ұзақ уақытқа созылды. Тергеуде көптеген заңбұзушылықтар болды», — деді жәбірленушінің анасы.
Сондай-ақ, кінәлілер бастапқыда бұзақылық бабы бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, тергеу изоляторында болған уақыт есепке алынып, олар сол сәтте-ақ бостандыққа шығарылған. Іс айыпталушылар басқа қылмыспен ұсталғанда ғана қайта қаралыпты. Оларды адам ұрлады деп айыптап, топ болып адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін тағы 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қосылды.
Осы айдың басында Арман Әлімовті полицияға қайта шақырып, Хасан Қасымбаевқа қатысты тағы да сұрақтар қойған. Енді Қасымбаевты адам ұрлау және ауыр дене жарақатын қасақана келтіру бабы бойынша 7-8 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Жаңалықтар
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды