Талғарда жаяу жүргіншілер өткелінде шомылған блогер 15 тәулікке қамалды
Блогер қызық контент түсіру үшін Талғар қаласының орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ваннаға жатып, шарап ішеді.
Сосын таңданған жүргізушілер мен өтіп бара жатқандардың көзінше киімімен көбікке сүңгіп кетеді. Жастар не болып жатқанын түсіреді. Бірақ бұл «тамаша» полиция қызметкерлері келісімен тоқтатылады.
«Патрульдік полиция ротасы патрульдеу кезінде Талғар қаласының орталық көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сонымен бірге, оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан басқа да қатысушылар анықталып, ұсталды» деп хабарлады полиция.
Жол қозғалысына кедергі келтіргені, көлікті қою және тоқтату ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен түсірілім кейіпкері 15 тәулікке қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Өскеменде автожөндеу аумағында дизель отыны мен майдан тұтанған ірі өрт сөндірілді
- Еліміздің кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру қалай жүріп жатыр?
- Желтоқсандықтарды қорлаған мұғалім жұмысынан айырылды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
- Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші қайтыс болды
- Шымкент қаласында екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
- Ресей өкілі Кирилл Дмитриев: Энергетикалық дағдарыс ЕО мен Ұлыбританияға экономикалық «цунами» әкеледі
- Ақтаудағы зауытта екі жұмысшы тұз қышқылына күйіп алды
- «Мені көздеген болу мүмкін» — Трапм өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Ұлытаулық 76 жастағы қария Парижге жаяу барды
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Жәнібек Әлімханұлы британдық боксшы Дензел Бентлидің сөзіне жауап берді
- Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
- Қырғыз депутаты Қамшыбек Тәшиевтің мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғанын айтты
- Трамп ирандықтармен кездесу барысында тағы құбылып, делегация жібермейтін болды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Алматы көшесінде қолының қаны сорғалап жүрген адам жұрттың зәресін алды
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Қазақ поэзиясының нәзік лирикасы — Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл