Талғарда қаза болған 16 жасар баланың әкесі ашық сот өткізуді талап етті
Фото: Pixabay
Талғарда 16 жастағы Шерзаттың өліміне әкеп соққан жағдай отбасылық дүкенде болды. Кешкі уақытта Шерзаттың әкесі мен ағайы дүкенге келген жастармен жанжалдасып қалады. Сол жанжалда 16 жасар ұлы қаза табады. Бүгін әкесі әділ тергеу мен ашық сот өткізуді талап етіп, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дау біреу сыра сатып алуға келіп, ақша төлеуден бас тартқанда шығады. Шерзат пен оның ағайы ақша төлеуді талап еткенде сатып алушы жігіт достарына хабарласады. Содан дүкенге бірнеше машина адам келеді.
Шерзаттың анасының айтуынша, ол ұлына телефон соққанда одан оларды ұрып-соғатынын естіген. Дүкенге жеткенде, ол ұлы мен ағасын көше ортасында ұрып-соғып жатқанын көрді. Ал күйеуі пышақпен келген жігітті алдарқатып жатқан. Анасы да араша түскен кезде оны екі адам ұстап тұрып, ұлына көмек көрсетуге кедергі келтіреді. Осы кезде анасының басынан мылтықпен ұрады. Шерзаттың отбасы, тек 7 адамның ұсталғанына наразы, өйткені оларға қарсы 15-20 адам шабуыл жасағаны айтылды. Шерзаттың әкесі бүгін бейнеүндеу жариялап, әділ сот талап етті. Алматы облысының полициясы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Мен қайтыс болған Шерзаттың әкесімін. Берік Ноғай ұлына тікелей жолдама жасағым келеді. Бала қайтыс болғалы Талғар әкімі, Талғар прокуроры, полициясы бастығы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Тіпті менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Түннің жарымында бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздырып отыр. Ашық сот болуын талап етемін», — деді марқұмның әкесі.
Жаңалықтар
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды
- Өскеменде автобуста қыздарды қол жүгірткен адамнан арашалаған жігітке депутат телефон сыйлады
- Иранның Ормуз бұғазын аша алмау «себебі» белгілі болды