Талғар тұрғындары үндеу жариялады
Фото: Бейнежазбадан кадр
Талғар қаласының тұрғындары Алматы облысының әкіміне стадионымыздың бұзылуына қарсымыз деп үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қалада стадионды жекеменшік инвесторға бергелі жатыр деген әңгіме тараған. Егер солай болса, онда бұл араға қарапайым халықты кіргізбейді немесе кіру ақылы болады деп алаңдап отыр жұрт.
«Біз, Алғара ауылының тұрғындары, өзіміз күнде пайдаланып жүрген, балаларымыз да үлгі алып, жаттығып жүрген стадионымыздың бұзылуына қарсымыз. Біз өзіміздің сүйікті стадионымыздың сақталғанын сұраймыз, оны қайта қалпына келтіруді талап етеміз. Бұл – күрделі құрылыс нысаны, оны сүрудің орнына қайта жөндеу керек. Бізге осы жерге директор, жаттықтырушы қажет, халықты спортқа тарту керек. Біз жөндеу жұмысын жасауды сұраймыз!», — деді жиналған халық.
Талғар қаласының тұрғындары егер қаражат жоқ болса, онда халықтан жинау туралы ұсыныстарын да айтты.
«Стадионды бұзуға қарсылардың көбі тұрғындар, бүкіл Талғар халқы қарсы. Егер мемлекетте немесе әкімдікте оны қалпына келтіруге қаражат жоқ болса, онда халықтан жинайық. Әрқайсымыз 1000 теңгеден жинасақ, 70 миллион теңге болады. Бұл қаражат стадионды жөндеуге жеткілікті. Бұл жерді тастауға болмайды. Бұл ортақ іс, бұл – біз үшін маңызды. Біз біргеміз!», — деді тұрғындар.
Еске сала кетсек, Талғарда елді дүрліктірген атышулы іс болған еді. 2024 жылы 4 қазан күні 16 жасар Шерзат Полаттың өлімі елдің назарын аударды. Тілшілер сол маңға барып талай зерттеу жасады. Қоғам шулағаннан кейін Талғардың шенеуніктері бірінен соң бірі қызметтен кеткен еді. Бүгін Шерзаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық