Талғар тұрғындары әкімдік пен полиция тарапынан көрген қысымға шағымданды
Фото: бейнеден кадр
16 қазанда Алматыда «Талғар өңіріндегі тәртіпсіздіктерге» арналған баспасөз конференциясы полицияның Әлнұр Ильяшев пен Жарқын Күреңтаевты ұстауына байланысты өтпей қалды. Алайда, кейіннен Талғар тұрғындарының қатысуымен өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Баспасөзде Талғар ауданының тұрғындары Несібелі Байтуғанов пен адвокат Асылбек Кенжебаев және Бірлік ауылының тұрғыны Мақсат Кенжебаевтың қатысуымен өтті.
Тұрғындардың айтуынша, 5 жылда 5 әкім ауысқан Талғар қаласы 16 жасар Шерзат Полаттың өлімінен басқа да көптеген заң бұзушылықтар мен жемқорлықтарға толы аймақ болып шықты.
Талғар қаласының әкімшілігіне су мәселесімен барған Несібелі Байтуғановтың айтқан наразылығы ұнамай, әкімшіліктің адамдары оны қудалап жатқанын айтты. Ал Мақсат Кенжебаевтың әкімдікке сол ауылдағы мешіт құрылысына байланысты айтқан уәжінен кейін құқық қорғау органдары мен әкімшіліктің қудалауына қалғанына шағымданды.
Айта кетейік, баспасөз мәслихатын ұйымдастырушы Жарқын Күреңтаев пен Әлнұр Ильяшевты БАҚ өкілдерімен кездесуге 2 сағат қалғанда полиция қызметкерлері ұстап алып кеткен болатын. Баспасөзде Асылбек Кенжебаев «Нақты не үшін ұстағанын Жарқын өзі айтар кейін. Бірақ, қазір менің ойымша оны осы баспасөзге кедергі келтіру үшін ұстады деп ойлаймын», — деген болатын.
Түстен кейін Алматы қаласының полиция департаменті қоғам белсенділері ұсталды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Департамент жоспарланған баспасөз конференциясына қатысушылардың ұсталғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ал Жарқын Күреңтаев әзірге дайын еместігін, оқиғаның егжей-тегжейімен кейінірек бөлісетінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық