Талдықорғандық есепші 109 миллион бюджет ақшасын ойынға тігіп жіберген
Талдықорғандағы балалар ауруханасының есепшісі құмар ойын ойнап, 109 миллион бюджет теңгесін жоғалтты, деп хабарлады қалалық сот.
«Балалар ауруханасының» есепшісі Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру» фактісі бойынша сотталды.
Сотта анықталғандай, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап есепші болып жұмыс істейтін А. ұрланған 109 миллион теңгеден астам ақшаны құмар ойындарға жұмсап жіберген.
«Жауапты жеңілдететін мән-жайлар – шын жүректен өкіну, сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуы, жас болуы, сондай-ақ сотталушыларға келтірілген залал ішінара өтелгенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот А-ны бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тиісті лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге кесті» деп Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігін «Осы қылмыстық құқық бұзушылық бойынша көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындау» қолданылып, ең төменгі шектен төмен жаза тағайындағаны атап өтті. Негізі баптың санкциясы жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық