Талдықорғанда оқушы қызды аңдыған күдікті азамат ұсталды
Сурет: polisia.kz (Telegram)
Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, оның қыздың ізін аңдып жүрген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Талдықорған көшелерінің бірінде белгісіз ер адамның 12 жастағы оқушы қызды аңдып келе жатқан видеосы тараған болатын. Аталған бейнежазба журналист Сандуғаш Дүйсенованың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы видео бойынша Жетісу облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп, қылмыскерді іздеуге кіріскенін хабарлады.
18 қарашада күдікті қамауға алынды. Қолға түсірудегі оның ерекше белгілерінің бірі оның қызыл күртешесі болған.
— Жедел іздестіру шаралары барысында біздің қызметкерлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам Талдықорған полициясына жеткізілді, - деді Жетісу облыстық ІІД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмағандарды азғыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғанның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілмек.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты