Талдықорған маңындағы өзенге сасыған қалдықтар құйылды
стопкадр
Прокурорлар Қаратал өзеніне кәріз суын құйып, өзенді лаастап жатқан құбыр иесін іздеп тапты.
Еске салайық, видеоны балық аулауға суға келген жергілікті тұрғын түсіріп алған. Ер адам жанұясымен табиғат аясында демалуды жоспарлағанын, бірақ барлық жоспарын өткір, әрі сасық иіс бұзғанын айтты. Кадрларда лай судың қалай тікелей өзенге ағып жатқаны көрсетілген.
«Қараталға ағынды сасыған су осылай құйылады. Құбыр толығымен су астында. Бұл жақтан шыққан иіске адам шыдамайды. Мен отбасыммен балық аулауға келдім, енді мұнда балық аулауға болмайды екен. Қайдағы балық?!», - дейді бейнетүсірілім авторы.
Құбырдың кімге тиесілі екенін және өзенге қандай сұйықтық құйылып жатқанын Талдықорған қаласының прокурорлары анықтады. Бұл қаланың кәріз желісі екені белгілі болды. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, су деңгейі көтеріліп, 22 кәріздік сорғы станциясындағы қысым төсемшесінің шайылып кетуі салдарынан коллектор құбыры жарылған.
«Қазіргі уақытта ол ажыратылып, резервтік желіге ауыстырылды. Төтенше жағдайлар бригадасы қалпына келтіру жұмыстарын бастады» делінген хабарламада.
«Қаратал» ықшамауданы, бірқатар мемлекеттік мекемелер мен аурухана қалдықтары 22-кәріздік сорғы станциясына құйылатыны белгілі болды. Бұл жағдай қанша уақытқа созылғаны және ол үшін біреу жазалана ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Авторы: Сандуғаш Дүйсенова, Талдықорған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық