Талдықорғанда полицейлер екі адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады
Талдықорғанда полиция қызметкерлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті соңғы бірнеше күн бойы көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде жасырынып жүрген. Қазір ұсталған азамат қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Күдікті бұрын сотталған, көршілес Алматы облысының тумасы. Ұсталған адам мойындап қойған.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Талдықорғандағы жеке үйлердің бірінде мәйіттері зорлық-зомбылық белгілерімен табылған қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлын өлтіру фактісін облыстық полиция тергеп жатыр. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмысқа 43 жастағы ер адамның қатысы барын анықтады. Оның жеке басын анықтауға көмектескен сот-медициналық сарапшылар қажетті айғақтарды жинап, қылмыс орнында оны көрсететін іздерді көрсетті. Талдықорған қалалық полициясы мен облыстық департамент қызметкерлері күдіктіні іздеп, ұстауға жұмылды. Іздеудегі адам туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де жарияланып, жақын маңдағы облыстарды қоса алғанда, барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты