Талдықорған маңында медициналық қалдықтар өртеніп жатыр
Фото: видеодан кадр
Блогер Дмитрий Перлов Үштөбе ауданының сыртында медициналық қалдықтар өртеніп жатқан полигонды тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Үштөбе ауылының сыртында қолданылған медициналық қоқыстарды өртеп жатыр. Оқиға орнында табылған қалдықтар «В» санатқа жатады, яғни эпидемиологиялық қаупі бар ауру жұқтырған науқастарға байланысты заттар. Полигонда дәрілік ампулалар, шприцтер, инелер және басқа да көптеген медициналық қоқыстар өртенуде.

«В» санатына жататын қалдықтар арнайы жағдайларда жиналып, жойылуы керек. Жанып тұрған шұңқырдың жанында Талдықорған, Қонаев және басқа қалалардың медициналық мекемелерінің биркалары шашылып жатыр.
«Бізді мердігерлер улап жатыр ма? Мұндай жағдайға кім жол берді? Мұның артында қылмыстық немқұрайлылық па, қасақана арандату жатыр ма?» дейді бейнежазба авторы.
Істің мән-жайын блогер Дмитрий Перлов шақырған прокурорлар анықтайды. Жергілікті билік бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.
Жаңалықтар
- Қазақстандықтардың қарызы 25 триллион теңгеден асты
- Қоғам қайраткері әрі дәрігер Бақыт Түменова қайтыс болды
- Қазақстан азаматы Берлин қаласында Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталды — Euronews
- Алматыда самокатшыларға қойылатын талаптар күшейтілді: Полиция қандай шешім қабылдады?
- Депутаттар заң жобасын таныстырды: Мұғалімнің оқушылар үшін жауапкершілігі азайды
- Ақтөбе облысында дрон құлап, құрғақ шөп өртке оранды
- Дәрігерлер өңешінде ине тұрып қалған сәбиге дер кезінде жәрдем берді
- Бурятияда қар көшкіні кезінде қазақстандық қаза тапты
- Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
- Тәшиевке төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды ма? Адвокат өз сөзінен бас тартты
- Заңсыз кіріс өндірілді: Ойын бизнесін ұйымдастырған шымкенттік 4 жылға сотталды
- Швейцария соты Гүлнәр Кәрімоваға қатысты істі тоқтатты
- Ақтаулықтар кәдеге жарату алымын төмендетуді талап етті
- Қамшыбек Тәшиев мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған: Экс-ҰҚК төрағасына ресми түрде айып тағылды
- АҚШ-та Трамптың бейнесі бар паспорт шығады
- Google қызметкерлері жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдалануға қарсы
- Сәби саудасы мен еңбекке жегу: ІІМ қылмыстың топтардың ісін әшкереледі
- «Дружба» құбыры жабылды: Қазақстан мұнай экспортын қайда жібереді?
- Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы кабинет ашылды
- Таяу Шығыстағы ахуал: БАӘ мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығады