Талдықорғандық депутат 2,4 млрд теңгеге тендер ұтып алды
Талдықорғанда мәслихат депутатының компаниясы мектеп құрылысына арналған тендерді ұтып алды. Бұл жұмыстарды атқару үшін фирма 2,4 млрд теңге алады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
11 тамызда Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы Дәурен Жолжанов пен «Нұр-Шарағат-Құрылыс» ЖШС бас директоры, депутат Қайрат Кереев мемлекеттік сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Тендер жеңімпазы 2,5 жыл ішінде Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында 900 орындық мектеп салуы тиіс.
Мектеп 3,66 гектар аумаққа салынады. Ғимарат тоғыз блоктан тұрады: дене шынықтыру және спорт аймағы, демалыс аймағы, экономикалық аймақ.
Демалыс аймағына: 5-9 сыныптар үшін тыныш демалыс аймағы, мектепке дейінгі сыныптар мен бірінші сыныптар үшін көлеңкелі шатырлар астындағы ойын алаңдары, 2-4 сыныптарға арналған ойын алаңдары кіреді.
Жұмыс жобасына футбол алаңы, баскетбол мен волейболдың аралас алаңы, жүгіру жолы, ұзындыққа секіру және биіктікке секіру алаңдары кіреді. Экономикалық аймақта қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктерінің орны, трансформаторлық қосалқы станция, модульдік газ қазандығы, сорғы станциясы болады.
Кереев Талдықорған қаласындағы «Нұр Отан» филиалының партиялық бақылау комиссиясын басқарады.
Еске салсақ, Талдықорған мәслихатының тағы бір депутаты Руслан Валишанов тоғыз қабатты екі үйдің құрылысына 3,6 миллиард теңгеге тендер ұтып алған болатын.
Авторы: Махамбет Абжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық