Талдықорғандық Батырбаевтың туыстары қайта сараптама жүргізуді талап етуде
Фото: Жетісу
Талдықорғанда тәртіп сақшылары азаптаған Азамат Батырбаевтың қарындасы сарапшының қорытындысы ағасының дене жарақатын алғанын көрсетеді деп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Гүлмира Қасымбекова мәлімдеді.
Әйелдің айтуынша, құқық қорғау органдары оның денесіне қызған темірді басып, қинаған.
«Ағамды бес-алты адам ұрды. Оны шынын айтқанда үтіктеген. Оған жеңіл зиян келді деп қалай айта аласыз? Оның қандай жағдайда екенін түсіну үшін дәрігер болу не арнайы білім алу міндетті емес. Сарапшы фактілерді бұрмалап тұрғаны анық» деді әйел.
Сараптама қайталанбаса, Гүлмира Қасымбекова халықаралық сарапшыларға жүгінбек. Оған қоса, ол фельдшерді де жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.
Еске салсақ, Батырбаев 5 қаңтарда Талдықорғандағы наразылық акциясына қатысқан. Өзге шерушілермен бірге ол Назарбаевтың ескерткішін құлатқан. 22 қаңтар 37 жастағы талдықорғандық азаматты құқық қорғау органдары ұстап, оның денесіне ыстық үтік басып, азаптаған. Осыдан кейін полиция азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Батырбаевты азаптаған құқық қорғау органы қызметкері ұсталды. Бұл туралы жәбірленушінің адвокаты Бауыржан Азанов мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық