Талдықорғанда ер адам малшыны көлікпен қағып, артынша таяқтың астына алған
скриншот
Ақсу ауданында 2 мамыр 44 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.
Белгілі болғандай, жәбірленуші Матай стансасы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде малшы болып жұмыс істеген. Ер адам мал бағып, отбасымен фермада тұрған.
Шаруа қожалығының басшысы Талдықорғаннан шаруашылыққа келгенде жанжал шыққан. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жанжал туындап, көп ұзамай ол төбелеске ұласқан. Салдарынан малшы әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласымен заттарын жинап, кетуге бел буған.
Полицейлер бұған дейін 43 жастағы күдіктінің Lexus-470 көлігімен жұмысшысын қуа бастағанын, оны қағып, артынша таяққа жыққанын хабарлады.
Дәрігерлер жәбірленушіге асқынған гемопневмоторакс, тоғыз қабырғасы мен иық сүйегінің сынуы, сондай-ақ, басқа да жарақаттары бар деген диагноз қойды. Ер адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған кезде ол медициналық қорытындыға сәйкес жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған. Факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру үшін жауапкершілікті қарастыратын ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» деп хабарлады Ақсу аудандық полициясы.
Күдіктінің жол талғамайтын көлігі арнайы тұраққа қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық