Талдықорғанда қаңтар оқиғасында ұсталған азаматтың анасы мәлімдеме жасады
Коллаж Orda.kz
Қаңтар оқиғасынан кейін Талдықорған қаласында ұсталған 20 жастағы Ербол Ыдырысовтың анасы қамаудағы ұлын үтікпен күйдіріп жатқанын мәлімдеді.
Мәдина Смағұлованың айтуынша, оның ұлы 12 қаңтарда дәрі-дәрмек сатып алуға дәріханаға барып, қала шетінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған ұлымен кездесуге тек 9 ақпанда рұқсат берілген.
Ұлы анасына оны және басқа да тұтқындарды құқық қорғау қызметкерлері ұрып-соғып, қару алғанын және олардың қайда сақталғанын білеміз деп мойындауға мәжбүрлегенін айтқан.
«Қарсылықтарға жауап ретінде оларға: «Осында қаласыңдар» деп ұрып-соғып, тепкілеп, денелеріне үтік басқан. Балам денесіндегі қарайған таңғышты көрсетті. Бүйрегі мен іші жарақаттанған. Іріңдей бастағанға ұқсайды. Менің талаптарымнан кейін ғана түрме дәрігерлері тексеріп, таңғышты жаңартты. 12-13 ақпанда азаптаған» дейді Мәдина Смағұлова Азаттық радиосына.
Ол сондай-ақ баласының денесінде аяғы мен арқасынан көгерген жерлерді көргенін айтты.
Мәдина Смағұлова құқық қорғаушылар мен белсенділер хабарласып жатқанын, әлі адвокат жалдай алмағанын алға тартты. Ол ұлының нақты қандай күдікке ілінгенін, қандай сот актілері шығарылғанын білмейді.
Әзірге Ербол Ыдырысовқа қатысты ресми органдар ешқандай ақпарат бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық