Талғарда психикалық науқастар емханасы жабылу алдында тұр
Алматы облысында 250-ден астам психикалық науқас дәрігерлердің бақылауынсыз қалуы мүмкін. Өңірдегі ең ескі психикалық денсаулық орталығы қаржы тапшылығынан жабылғалы жатыр.
КТК телеарнасының хабарлауынша, дәрігерлер науқастарды шығарып, үйіне қайтаратындықтарын айтқан.
Өңір басшылары науқастарды Талдықорғанда орналасқан жаңа мекемеге жеткізуді ұсынып отыр. Тек туыстары мұндай идеяға үзілді-кесілді қарсы, олар биліктен орталықты жайына қалдыруды сұрауда.
Алида Сыздықова бірнеше жылдан бері Талғардағы психикалық диспансерде ағасын емдеп келеді. Бойжеткен екі ай бұрын ауруханадағы науқастарды не үйге қайтаратындарын, не басқа мекемеге ауыстыратындарын білген. Үйлері Талдықорған қаласынан 300 шақырым алыста орналасқан.
«Мәселен, бұл орталық жабылса, психоздың әртүрлі түріне шалдыққан психикалық науқастарды Талдықорғанға 300 шақырымнан тасымалдау үлкен қиындық туғызады. Сондай-ақ мұнда психикалық науқастарға арналған туберкулезге қарсы арнайы бөлімше бар. Олардың барлығында ашық түрдегі туберкулез. Науқастарды шығарып жіберсе олар қоғамға қауіп төндіреді» деп сендірді бойжеткен.
Талғар ауруханасының дәрігерлері бірауыздан аурухананың шығынға батқанын жақында білгендерін алға тартты. Қазір орталық үнемделген қаражат есебінен тұр, бірақ күн өте ол азайып жатыр.
«Алғашында біз бұл қандай да бір техникалық ақау деп ойладық. Бүгін өтініш берудің соңғы күні. Яғни барлық өңірлер мен ұйымдар ӘМСҚ тапсырады, біз де апта бойы өтініш беруге тырыстық. Бірақ оны жасай алмадық, өйткені бізде тіркелген науқастар есепке алынбады» дейді Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығының бас дәрігері Гүлнәр Айбасова.
Қаржылық жағдайдың қиындығына қарамастан мұнда науқастарды қабылдау тоқтамаған. Бірақ директордың айтуынша, ол ұзаққа бармайды. Жақын арада ол барлық медициналық қызметкерлер мен науқастарды үйлеріне қайтаруға мәжбүр болады.
Бәрі бақылауда болады
Небәрі 130 орынға есептелген жаңа емдеу мекемесінде Талғар емханасының 250 науқасы қалай орналасқаны әзірге белгісіз. Бірақ облыс шенеуніктері: ешкім дәрігерлердің бақылауынсыз қалмайды деп сендірді.
«Облыстық психикалық денсаулық орталығы халықты бекітуге атсалыспайды. Әрбір науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға, яғни орталық аудандық ауруханаға жатқызылады. Науқас тіркелген жері бойынша есепте тұрады және солай болып қала береді.
Науқастарды қалаға тасымалдауға қатысты жоғары тұрған орган немесе орталықтан нұсқау болған жоқ. Облыс орталығы тасымалдаумен айналыспайды, БПО-ны қаржыландыру жойылған жоқ. Мұнымен де айналыспаймыз, аурухана әдеттегідей жұмыс істеп жатыр» дейді Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Ғания Оралбекова.
Қазір тек Алматы облысында 18 мыңнан астам психикалық науқас диспансерлік есепте тұр. Олардың көпшілігі жаңа нысанға қосылған. Талғар емханасының алдағы тағдыры әзірге белгісіз. Науқастардың туыстары президентке ұжымдық үндеу жазып жатыр.
Жаңалықтар
- Күйеуі ұрып, қолын сындырған: Жанжалдан кейін әйел өзіне қол салды
- Зеленский Ирина Мудраяны қызметтен босатты
- NASA Falcon 9 құлағаннан кейін Айда пайда болған кратер фотосы жарияланды
- Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне қатысты ТЖД мәлімет берді
- «Сұңқар» шаңғы трамплині: 10 жылдан асса да жұмысшылар неліктен жалақысын сол күйі алмай кетті?
- «Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты