Талғарда полицей қағып кеткен жігіттің туысы Тоқаевқа үндеу жасады
Қараша айының ортасында Алматы облысы Талғар қаласында полиция қызметкері қағып кеткен 18 жастағы жігіттің әпкесі президент Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады.
Instagram парақшада жарияланған жолдауда марқұм жігітітің әпкесі полицейлердің қатты жылдамдықпен келе жатқанын және қылмыс болған орыннан қашып кеткенін айтқан.
Жол апаты кезінде марқұм жарықтандырылмаған көшенің жиегімен келе жатқан. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізуші сынған алдыңғы терезесін шағып, Қарасай батыр көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің жанында лақтырып кеткен.
Марқұм туысының айтуынша, адам өлімімен аяқталған жол көлік апаты кезінде көлік ішінде тағы бір адам болған. Ол Талғардағы мектептің бірінде әскери даярлық пәнінен сабақ беретін ұстаз екені айтылады.
«Қылмыскердің балаларға сабақ беруге моральды құқығы бар ма деген сұрақ туындайды. Ең қорқыныштысы, олар өздерінің қылмыс іздерін жасырмақ болып көліктің айнасын шешіп тастаған. Менің бауырымның орнында кез келген мектеп оқушысы болуы мүмкін еді» делінген видеоүндеуде.
Әпкесінің айтуынша, жаяу жүргінші қайтыс болар оқиға кезінде полиция қызметкері мас болған. Марқұмның туысы оның мас күйде неге көлік басқарғанын түсіне алмайтынын айтты. Ол полиция қызметкерінің жазасыз қалғанын айтып наразылық білдірді.
«Біз қазір заңды бізден жақсы білетін полиция қызметкерлері заңды белшесінен басып және өрескел бұзып соңында жазасыз қалатын елде өмір сүреміз. Кінәліні қатаң түрде жазалап, екінші адамды да жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Осы істі өзіңіздің бақылауыңызда ұстауыңызды сұраймыз» делінген Тоқаевқа жолданған видеода
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық