Талғар ауданының экс-әкіміне 59,4 млн теңге айыппұл салынды
Алматы облысында пара алды деген күдікке ілінген Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
«14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық соты үкімімен Талғар ауданының экс-әкімі Ерекешев кінәлі деп танылып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы және Тұрғын үй инспекциясы да дәл осындай үкіммен Талғар ауданы Шамаевқа 29,7 млн теңге айыппұл төлеуге тартылды» делінген хабарламада.
Лауазымды тұлғалар су құбырының құрылысы бойынша атқарылған жұмыс актілеріне қол қойған және ЖШС-ны жосықсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз бермегені үшін ЖШС директорынан 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Серікжан Ерекешевтің ұсталғаны ақпан айында белгілі болды. Одан кейін онымен бірге оның орынбасары әрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Асқар Шамаевтың да ұсталғаны хабарланды.
Айта кетсек, Серікжан Ерекешев бұрынғы басшы Жолан Умаров қайтыс болғаннан кейін 2020 жылдың тамыз айында Талғар ауданының әкімі болған. Ерекешев өз қызметінде бес ай ғана жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық