Талғар қаласында жаңа әкім сайланады
Cурет: ашық дереккөзден
Бұл лауазымға бірден төрт үміткер өтініш білдірсе, оның үшеуі өзін-өзі ұсынғандар.
12 маусым күні таңертең Талғарда қала әкімі сайлауы басталды. Қала әкімдігінің Instagram желісіндегі парақшасында сайлау туралы хабарлама пайда болған.
Бұл лауазымға төрт үміткер: өзін-өзі ұсынған 43 жастағы Нұрбек Дәулетбақов («Qazaqui» ЖШС директоры), 40 жастағы өзін-өзі ұсынған Бақытжан Ақбұтаев («ТКШ және газбен қамту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы), тағы бір өзін-өзі ұсынған 45 жастағы Сапарбек Назарбаев («Safe Lombard» ЖШС автокөлік ломбардын дамыту жөніндегі менеджер) және «Аманат» партиясының кандидаты, партияның Талғар аудандық филиалының жауапты хатшысы 32 жастағы Бақыт Күрішбеков .
Сайлау күткендей таңғы сағат 7-де басталып, 20-00-ге дейін жалғасады. Қала белсенділері сайлауды мұқият бақылап отыр. Бұзушылықтар туралы хабарлағандарға тіпті сыйақы да уәде етілген. Жалған санау фактілері үшін – 100 мың теңге, жалған толтыру туралы хабарлама үшін – 50 мың, ал сол адамның қайталап дауыс бергені анықталса 20 мың теңге сыйақы беріледі.
Айтпақшы, Талғарда әкім сайлауы алдыңғы жылдың қазан айында ғана өткен болатын. Өткен сайлау нәтижесі бойынша Қайрат Исабаев қала басшысы атанған болатын. Ол сайлаушылардың жартысынан көбінің – 53,5% дауыс жинады.
Талғар округтік сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың 58 пайызы сайлауға қатысқан. Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер бақ сынады. Абзал Сағымбекұлына 35,3 пайыз дауыс берсе, сайлаушылардың 7,7 пайызы Ұлан Қызайбекке, 1,6 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.
Талғар тұрғындары сайлау комиссиясының адалдығына сенбесе, кейбіреулердің дауысы азаматтардың пікірімен санаспаспай берілген деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық