Такси жүргізушісі жолаушыға шабуыл жасады
Алматыда «Yandex Go» такси жүргізушісі жолаушыға қол көтерді. Бұл туралы жәбірленуші Құралай Ғалиева өзінің Facebook әлеуметтік желісінің топтарының бірінде хабарлады. Құралайдың айтуынша, оқиға үш апта бұрын болған.
«Мен сіздерге ол адамның әлеуметтік қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өз кінәсін мойындамайды және полиция бөлімшесінің шақыртуына келмейді. Жүргізуші әлі күнге дейін ұсталған жоқ. Ақымақтық пен аңғалдықтың кесірінен мен оған бірден қолма-қол төлем жасадым. Бірақ ол мені апару керек жерге жеткізбеді. Мен ашуландым. Жүргізуші қол көтеріп, пышақтауға дейін барды.
Өкінішке орай, мен қазір шарасызбын және не істерімді білмеймін. Алайда әлеуметтік қауіпті адамды көрсетуді дұрыс санадым. Неге әлі іздеу тізіміне қойылмағанын түсінбеймін?».
Yandex Go қолдау қызметі жүргізушінің қосымшада шектелгенін хабарлады:
«Қолдау қызметі пайдаланушымен байланыста. Жүргізуші қызметте бұғатталған, бірақ жүйеге сәйкес ол қызды өтініште көрсетілген жерге апарған. Жолаушының айтуынша, көлікте ешкімде қару болмаған. Бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы керек».
Бұл жағдайға Алматы полиция департаменті де түсініктеме берді.
«Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы« Денсаулыққа қасақана орта ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады, полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық