Таяқтың екінші ұшы: Ақын Ауыт Мұқибек балдызының жазбасына пікір білдірді
«Құрмет» орденінің иегері, ақын Ауыт Мұқибек «сексуалдық қысым көрсетті» деп айыптаған балдызының сөзіне жауап берді.
Экспресс К порталының сұрағына жауап берген ақын «қыздың жазбасы екеуара реніштен туындағанын» жеткізген.
– Ол менің әйелімнің әпкесінің қызы. Бір айдан бері біздің үйде тұрып жатыр. Айтқанының бәрі өтірік. Әкесіндей адаммын ғой. Бір әрекеттеріне байланысты ұрысқанмын. Қатты-қатты айтып жіберген сияқтымын. Әлдебір әрекеттері ұнамағанын ептеп білдірдім. Соған өкпелеген болуы керек. Қаттырақ ұрысқаныма өкпелі болса, кешірім сұрауға дайынмын, – дейді Ауыт Мұқибек.
Бірақ қаламгер балдызының қандай әрекеттеріне көңілі толмайтынын ашып айтқысы келмеді. Бұл оқиғаға аса бір мән берудің қажеті жоқ деп есептейді.
– Жала деп те айтуға болады. Бір жағы еркелігі де шығар. Отбасы деңгейіндегі ұсақ әңгіме ғой бұл. Мен ондай әрекетке баратын адам емеспін. Өзім де кішкентай қыз тәрбиелеп отырмын. Төрт жарым жаста, – дейді ол.
Сондай-ақ, ол айып таққан қыз сотқа берем десе, жауап беруге дайын екенін, ешқандай қорқынышы жоқ екенін айтты.
Ал туыстары туралы сұраққа: «Ата-анасы қызына ұрысып жатыр. Олар менің өте қатты сыйлайтын адамдарым. Аға-әпкелері де ақыл айтып жатқан көрінеді» деп жауап берген.
– Жұрт жезде мен балдыз болып қалжыңдасып жатады ғой. Мен олай ойнаған адам емеспін. Отбасы болған соң, ағалығымды білдіріп, жүріс-тұрысына байланысты ескерту жасадым. Өзім Алматыда жүрмін. Онымен әйелім сөйлесіп жатыр. Ол орысша жазыпты, постын оқымадым. Әйелім маған шет-жағасын айтып берді, – дейді қаламгер.
Айта кетейік, Іnstagram-дағы парақшасында Ақниет есімді қыз жездесінің қол жүгірткені туралы жазған болатын. Ауыт Мұқибектің балдызы өз парақшасында басқа да қыздардың сексуалды қысымға ұшырағаны туралы ақпараттарды жариялап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық