Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс болды
Фото: BBC, Getty images
23 шілде күні таңертең Таиланд пен Камбоджа арасындағы дауға айналған аумақта қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
BBC ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қақтығыс екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан дауға себеп болған Та Моан Тхом ғибадатханасының маңында болған.
Екі тарап та атысты бірінші болып кім бастағанын бір-біріне сілтеп, жауапкершілікті мойнына алудан бас тартты:
- Камбоджа әскерилері тай сарбаздарының алғаш болып оқ жаудырғанын және ғибадатханаға баратын жолды жауып тастағанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде камбоджалық тарап қорғаныс мақсатында қарсы шабуыл жасағанын айтты.
- Алайда Камбоджа Қорғаныс министрлігі бұған қарама-қайшы мәлімдеме жасап, өз әскерлерінің тек қорғану мақсатында әрекет еткенін жеткізді. Олар тай әскері бірінші болып шабуыл жасағанын алға тартты.
Тай билігі Камбоджаның бұл аймаққа барлау мақсатында ұшқышсыз аппарат жіберіп, кейін ол жерге толық қаруланған жасақ шоғырландырғанын мәлімдеді.
Қақтығыс салдарынан кемінде екі тай сарбазы жарақат алғаны хабарланды.
Та Моан Тхом — екі ел арасындағы шекарадағы дау-дамайға түрткі болған көне тарихи нысан. Соңғы жылдары бұл өңірде бірнеше мәрте осындай шиеленіскен жағдайлар болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық