Тағы да Талғар: қылмыстық топ жасөспірімді ұрлап кетті
Фото: Polisia.kz
Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында қылмыскерлер баланы ұрлап, отбасынан 5 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, олар жасөспірім баланы ұрлап кетіп, отбасынан 5 миллион теңге талап еткен. Қазіргі таңда, қарақшылар тобы ұсталды.
«Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз адамдар оның ұлын күштеп Hyundai Elantra көлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткенін хабарлады. Кейін олар жасөспірімге күш қолданамыз деп қорқытып, жеке сипаттағы бейнежазбаны интернетте таратамыз деп бопсалап, ақша талап еткен», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Күдіктілер 500 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып жатқан кезде ұсталды. Оларға қатысты бопсалау бабымен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, өткен жылы Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қайтыс болды. Жергілікті тұрғындар күдіктілердің «Хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топтың мүшелері екенін айтқан. Алайда, Алматы облысының полиция департаменті өңірде ұйымдасқан қылмыстық топтың барын жоққа шығарды.
Сондай-ақ, жақында Талғар ауданында қылмыстық топтың әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдап, қақпанға түсіргені хабарланған еді. Оны 19 жастағы Қайнар ауылының тұрғыны ұйымдастырған. Ондағы басты рөлді 17 жастағы қыз атқарған. Ол жәбірленушілермен интернет арқылы танысып, кездесуге шақырған. Ал әңгіме қызған кезінде «аға-інілері» келіп, интимдік жағдайды сылтауратып қорқытып, ақша талап етіп, бағалы заттар мен құжаттарын тартып алып отырған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық