Тағы да бір суицид: AlmaU студенті өз-өзіне қол жұмсады.
Фото: AlmaU
Orda.kz редакциясының ботына AlmaU студенті өз-өзіне қол жұмсады деген ақпараты келді.
Оқиғадан соң университет басшылығы студенттерден сұрау жүргізіп, марқұммен таныс болған-болмағандарын анықтап жатыр. Марқұм болған жас жігіт режиссура факультетінде оқыған екен.
Біз AlmaU хабарласып, оқиғаға қатысты пікір алдық, университет басшылығы суицид фактісін растады.
«2024 жылғы 25 қыркүйек,Almaty Management University университетінде оқитын студентіміздің қайтыс болғанын қайғырып хабарлаймыз.Оқиғаның себебі мен мән-жайы қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тарапынан анықталуда. Университет құқық қорғау органдарына толық қолдау көрсетіп, барлық ақпаратармен бөлісуде. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтады және оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді», — делінген университеттің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, оқиғаға Алматы полиция департаменті де пікір білдірді.
«Бұл факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп қысқаша қайырды департамент.
Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша жастар арасында бұл алғашқы суицид емес. Өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары 16 қыркүйекте 2 мектеп оқушысының қазасынан басталды.
Жаңалықтар
- Таразда 10-сынып оқушысын бір топ ұл соққыға жығып, көзінен айырды
- АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан арасында алғаш рет келіссөз жүріп жатыр
- Өрт ішінде қалған балаларды полицейлер ажалдан арашалап қалды
- Шерзат ісі: Тоқтаубаев пен Қалиахметтің үкімі өзгеріссіз қалды
- Алматыда колледж студентінен туберкулез анықталды
- 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірген: Мәсімовтың бұрынғы күйеу баласына қатысты істің мән-жайы белгілі болды
- Қазақстанда ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
- Атыраудағы орталық мешітте педофилдің жаназасы шығарылған: ҚМДБ ресми жауап берді
- Терістеу
- Түркиядағы мектепке қарулы шабуыл: 18 адам зардап шекті
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- АҚШ Ормуз бұғазындағы Иран порттарына әскери блокада енгізді
- Дарын Мубаровқа 865 000 теңге айыппұл салынды
- АҚШ Иранға ядролық қызметті 20 жылға «тоқтата тұруды» ұсынған — The New York Times
- Блогер Эльмира Төлегенова сотта кінәсін мойындады
- БЖЗҚ зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін өсті
- «Пайдасын олигархтар көреді, халық табысы өспейді»: Сарапшы елдегі жағдайды талдады
- Билік қазақ экономикасы 3 пайызға өскенін мәлімдеді
- Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
- Қырғызстанда ҰҚМК төрағасының тағы бір экс-орынбасары мен бірнеше қызметкер ұсталды