«Тағы бір жемқор ұсталды» Аграрлық несие корпорациясы филиалының директоры сотталды
Фото: instagram / Аграрлық несие корпорациясы
Петропавл қалалық соты Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы директорына қатысты үкім шығарды. Ол ауыл шаруашылығы өндірушілерінен несие алуды жеделдету үшін 100 және 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Тергеу барысында оның арнайы техника сатып алу және айналым қаражатын толықтыру мақсатында несие алу үшін пара алғаны анықталды. Сот шешімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, Аграрлық несие корпорациясы көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландырып келеді. Бюджеттік несиелеу есебінен бөлінген 140 млрд теңгеден бөлек, қосымша қаржыландыру 300 млрд теңгеге өсті. Бұл ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында Үкіметтің, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қолдауымен іске асырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық