Тағы бір «Шерзат ісі»: Өскеменде жалғыз ұлынан айырылған ана топтасып өлтіргендерді жазалауды талап етті
Фото: Бейнежазбадан кадр
Orda.kz бұған дейін Өскеменде қатыгездікпен қаза тапқан ер адамды аурухана алдына әкеліп тастағаны жайлы жазған болатын. Марқұмның анасы тың деректерді жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Өскеменде жан түршігерлік қылмыс елді дүр сілкіндірді. 2025 жылдың 30 мамыры күні кешке Бағлан Рахманбердиев есімді ер адамды үйінен алдап шығарып, үш көлікпен келген белгісіз біреулер алып кеткен. Марқұмның анасының айтуынша, ұлын көшеден көлікке күштеп отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Бірнеше сағаттан соң, оның азапталған мүрдесін ауруханаға жеткізіп, кіреберісте тастап кеткен.
«Желіде тараған бейнежазбада көлік аурухана алдына тоқтап, екі ер адам беттеріне маска киіп, дәрігерлерді шақырып жатқан сәті көрінеді. Алғашында олар Бағланды мүгедектер арбасына отырғызбақ болған, алайда оның жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол мүмкін болмады. Ақыры, оны әрең дегенде көліктен шығарып, зембілге жатқызып кеткен. Бұдан соң көлік кетіп қалған», — деді анасы.
Полицияның ресми мәліметіне зер салсақ, алты күдікті анықталған. Алайда марқұмның анасы бұл іске кем дегенде он адамның қатысы бар деп есептейді. Жылап тұрып жазған бейнеүндеуінде ол тергеудің жай ғана ресми емес, әділетті болғанын талап етеді. Оның айтуынша, ұлы кездейсоқ жанжалдың емес, алдын ала жоспарланған қылмыстың құрбаны болған.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары әзірге егжей-тегжейін жария еткен жоқ. Алайда тергеу барысы бұл істің жай ғана тұрмыстық жанжал емес, мұқият ұйымдастырылған қатыгез қылмыс екенін көрсетіп отыр. Күдіктілер саны да артуы мүмкін.
Марқұмның анасының айтуынша, баласын алып кетуге келгендер толықтай қаруланған. Оның сөзіне қарағанда, ұлын алдымен есінен тандырып, кейін үш көліктің біріне күштеп отырғызған. Әйел Бағланды ұзақ уақыт азаптап және қатігездікпен ұрып-соққан деп санайды. Оның қол-аяғы түгелдей сынған.
«Бұл айуандарды тіпті адам деп айтуға келмейді... Жауапқа тартылуын талап етемін. Қалай өмір сүретінімді білмеймін. Мен жалғыз ұлымнан айырылдым. Оны жалғыз өзім өсірдім, әкесіз. Ал олар оны осылайша қатыгездікпен өлтірді… Бұл менің ақылыма сыймайды», — дейді қайғыдан қан жұтқан әйел.
ШҚО полициясы бұл кісі өлтіру фактісі бойынша полиция алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалардың кім екені анықталған. Полиция төрт азаматты ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тағы екі күдіктіге іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық