Тәжікстан президенті Путиннен Орталық Азия елдеріне бұрынғы КСРО сияқты қарамауды сұрады
Сурет ашық дереккөзден
Бұл туралы ол 14 қазанда Астанада өткен «Орталық Азия-Ресей» саммитінде айтты.
ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің саммитінде Эмомали Рахмон Ресей президентіне жеке сөз арнады. Ол Тәжікстанның Ресей Федерациясына әрқашан құрметпен қарайтынын, оны басты стратегиялық серіктес деп атағанын, бірақ өз еліне симметриялы қатынасты талап ететінін айтты.
— Біз қайда және нені бұздық? Қайда, кіммен дұрыс амандаспадық? Біз бір-бірімізбен амандығымыз дұрыс, ешқашан ештеңені бұзбадық. Біз әрқашан басты стратегиялық әріптесіміздің мүддесін құрметтедік, бірақ бізге де құрметпен қарауды қалаймыз. Біз Африка елдерімен бір дәрежедегі жат елдерміз бе?
Төраға міндетін атқарушы Тоқаев Рахмонның сөзін бөліп, одан сөзін қорытындылауды өтінді. Тәжікстан президенті эмоциямен аяқтады:
— Мен Орталық Азия елдеріне қатысты бұрынғы Кеңес Одағы сияқты саясаттың болмауын ғана сұрағым келді. Әр елдің өз мәселелері, өз сұрақтары, өз дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар. Таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпай, әр республикамен жеке жұмыс істеуіміз керек.
Бұл реніш Тәжікстанда өткен бизнес-форумға ресейлік саясаткерлердің келмеуінентуған өкпе болса керек.
— Неге олар Тәжікстандағы бизнес-форумға, кем дегенде, министрлер деңгейінде қатыса алмайды? Жоқ, министрлердің орынбасарлары деңгейінде. Міне, Тәжікстан стратегиялық серіктес болуға лайық!- деп ашуланды тәжіктердің президенті.
Тоқаев Кеңес Одағының отыз жылдан бері жоқ екенін, бірақ одақтық және автономиялық республикалардың дамуына тиісті көңіл бөлінгенін еске салды. Ол сондай-ақ елдердің экономикалық және саяси ынтымақтастығында Ресейді басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық