Тағы бір өңірде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина шығарылады
Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Бұл кәсіпорын — ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының серіктесі. БҚПҒЗИ «Антиген» алаңын пайдалана отырып, медициналық вакциналарды, оның ішінде «QazVac» шығарудың толық циклі бойынша екінші өндірістік алаңды әзірлеп, іске қосты. Осы мақсатта Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жеңілдетілген несие бойынша вакцина өндіруге арналған жаңа технологиялық жабдықтар сатып алынды.
– Биылғы жылдың қыркүйек айында қуаты айына 1 млн дозаға дейін жететін «Антиген» алаңында «QazVac» вакциналарының 300 мың валидациялық сериясы шығарылды. Халықаралық сапа стандарттары кәсіпорынға өндірістің барлық учаскелерінде жоғары техникалық деңгейге, сапа мен сенімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық