Тұңғышбай әл-Тарази: Мұхамедиұлы арыз жазғанымда естіп, қомақты ақша ұсынды
Фотоколлаж: ашық дереккөз
Актер, режиссерТұңғышбай әл-Тарази бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен «мемлекеттік бюджеттен ақша ұрлау фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғауын жарты жыл талап етіп келген.
Ол Тұңғышбай әл-Таразиға арызын қайтып алу үшін қомақты қаражат та ұсынған. Қаңтар қырғынына дейін Елбасының еркесіне ешкім тиісе алмайтын, бірақ қазір де оған «барлық ведомстводағы таныстары» көмектесіп жүр, деп санайды актер.
Антикор қызметкерлері Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Таразидің өтінішінен кейін 146 млн теңге жымқыру белгілері бойынша тергеуді бастады.
Ұлттық музейдің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері әртіске музейден ұрлау фактілерін растайтын құжаттарды әкеліп берген. Бізге берген сұхбатында Тұңғышбай әл-Тарази мұражай қызметкерлерінің басшылықтан именетінін жеткізді. Халық әртісі Мұхамедиұлына деген өшпес дұшпандығы туралы Қазақстанның бүкіл шығармашылық зиялы қауымы білетініне сенімді.
«Мұхамедиұлы мені «Феникс» фильмімен болған оқиғадан кейін жеке кегіне байланысты қылмыстық іс ойлап тауып, мені жоқ қылып жібермек. Мен бір сұхбатымда онымен бетпе-бет кездескенде тұмсығын бұзатынымды айтқанмын. Осыны білген мұражай қызметкерлері маған оның барлық алдыңғы лауазымдарындағыдай, мұражайда да ұрлай бастағаны туралы дәлелдері бар құжаттарды әкелді.
Пандемия кезінде ол бүкіл әлем бойынша «Алтын адам шеруін» ұйымдастыру үшін 1,2 млрд теңге алған. Ақша бөлінді, бірақ тур өтпеді. (Антикор мәлімдемесінде шарттың сомасы 1,2 млрд теңгені құрағаны, бірақ «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге бөлінгені айтылған. - ОРДА)
Қызметкерлер маған мұражайдағы барлық артефактілердің көшірмелері ұсынылғанын, ал түпнұсқалары сатылып кеткенін айтты. Мұның бәрі қауесет, бірақ мен оны тағайындағаннан кейін бірден «қарада тұр, ол Алтын адамды да сатып жібереді» деп қалжыңдағанмын. Бәлкім, солай болған да шығар, - деді Тұңғышбай әл-Тарази портал тілшісіне берген пікірінде.
Арызды халық әртісі жарты жыл бұрын жазған, бірақ оның айтуынша, іс алдымен әуре-сарсаңға түсіп, тек бас тарту қағаздарын алып отырған.
Мен алғаш рет жарты жыл бұрын арыз жаздым, бірақ қимыл-әрекет енді басталды. Ол бұрынғы президенттің еркесі болған, сондықтан оған ешкім тиіспейтін. Мұхамедиұлы менің Антикорға жазған арызым туралы білгенде, маған бір адамды жіберіп, ақша ұсынды. Мен соманы айтпаймын, ол өте қомақты болды. Бірақ мен үшін абырой мен намыс қымбат, мен оның лас ақшасымен былғанғым келмейді. Ал енді Арыстан Мұхамедиұлы тамырын кесіп, өз-өзіне қол жұмсап отыр. Егер ол адал болса, онда неге тамырын кеседі? Сондай-ақ, ол президенттен араша сұрап, мені тағы қаралап отыр. Осының барлығы аяқталғаннан кейін мен оны абыройым мен қадір-қасиетімді қорлағаны үшін сотқа беремін, - дейді әртіс.
Актер құжаттарда көрсетілген фактілердің дұрыстығына сенімді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне ол тек көшірмелерін беріп, түпнұсқаларын өзінде қалдырған. Ол мәдениет министрлігінің бұрынғы басшысы «лас ақшасымен істі тоқтату үшін қағаздарды сатып ала алады» деген күдігі барын жасырмады.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық мұражайда Антикор қызметкерлері тексеріс жүргізуді бастағаны хабарланды. Артынша Арыстанбек Мұхамедиұлы президенттен араша сұрап, видеоүндеу жасаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық