Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кімдерге рақымшылық беріледі?
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рақымшылық бойынша 1 мыңға жуық адам түрмеден босатылады. Бұл туралы Мәжілісте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын әзірлегенін айтты. Заң жобасының мақсаты – аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату және кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту.
– Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, қарт азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да тұлғаларға қолданылады, - деді министр.
Оның айтуынша, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу абақтысында 34 мыңнан астам адам қамауда отыр, оның ішінде 30 мың сотталғанға қатысты үкім шығарылып, 4 мыңы қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр. Оның 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған, 45%-ға жуығы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 32 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.
Алдын ала есептеулер бойынша, рақымшылыққа 2236 сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрған 11310 адам түседі. Біріншіден, 1000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметінің есептен шығарылады. Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1294 сотталғанға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен астам адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық