Тәуелсіздік жетістіктерін шетелдік БАҚ-та насихаттаймыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ORDA.
Үкімет бұл жолғы отырыста 900-ден астам іс-шараның жоспарын ұсынды. Жиында Мемлекет басшысы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы құр даңғаза мен ысырапшылдықпен өтпеуге тиіс, бұндай бейберектсіздікке апаратын әдеттерден арылу керек, деп қадап айтты.
«Құр даңғазалық пен ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Пандемия кезіндегі барлық қауіпсіздік талаптары сақталатын болады. Әрбір іс-шараны елге пайдасын тиетін істерге ұластыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президентіміз тәуелсіздіктің 30 жылдығына кезекті мерейтой ретінде емес, ең алдымен тарихи мәні бар оқиға ретінде қарауды тапсырды. Бұл болашаққа деген ұстаным, көзқарасты айқындайтын маңызды белес. Үкімет жоспарына сай, тәуелсіздіктің 30 жылдығы халықаралық және республикалық деңгейде тойланады. Сонымен, тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген табыстарымызды өзімізде ғана емес, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында да насихаттайтын болдық.
«Бәрінен маңыздысы – экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың жалғасы ретінде халықтың жағдайын жақсартсақ, 30 жылдыққа үлкен сый осы болмақ, деді Мемлекет басшысы.
Президент жекешелендіру аясында жалпы сомасы 5 трлн теңгенің активтері бәсекелестік ортаға берілгенін, пандемия кезінде елдегі еріктілердің жұмысы жанданғанын атап айтты. Бұл азаматтық қоғамның белсенділігі мен сол іргелі істердің бастауында жастардың тұрғанын аңғартады. Бірақ өскелең ұрпақ арасында жұмыссыздық белең ала бастаған. Енді әкімдіктердің жұмысын бағалау индексіне жастардың даму көрсеткіші де қосылып, әкімдер сол үшін жауапты болады. Президент шетелде де өз елімізде көптеген озық ойлы жастарымыз жүргендігін, келешекте мемлекеттің тұтқасын ұстайтын жастардың жырақта жүргеніне алаңдайтынын да тілге тиек етті. Жастардың Отанға оралуы үшін алдағы 10 жылда арнайы жобалар көбірек жүзеге аспақ.
«Әлемде ұжымдық ынтымақтастықтың бір түрі ретінде краудфандинг бағыты танылып келе жатыр. Оны азаматтардың қоғамдағы өзекті проблемаларды шешуге қатыстырудың негізгі бағытының бірі ретінде бағалауға болады. Сондықтан Astana Hub технопаркінің базасында бірыңғай краудфандинг тұғырнамасын жасаудың мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. Ұлт үшін ұлы есімдерді ардақтау - перзенттік парыз», деді Президент.
Тоқаев биыл жыр алыбы Жамбылдың, Алаш арысы Әлиханның және балуан Қажымұқанның мерейтойларын атап өту жөнінде тапсырма берді. Одан бөлек, ұлт тарихын академиялық тұрғыда қайта жазу мәселесін көтерді. Жиынды қорытындысындв Президент құр мақтау мен мадаққа қатысты тағы сын айтты. Үкімет соған сай жоспарын қайта қарайтын болды. Осылайша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жобасы Мемлекет басшысына таныстырылды. Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстар осы жылдың екінші жартысынан бастап қолға алынады. Осыған орай мемлекеттік комиссияның тағы бір отырысын өткізу жоспарланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық