Тәуелсіздік күні Алматыда «Медеу» туристер орталығы ашылды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрақты экотуризмді дамыту шаралары аясында құрылған жаңа туристік нысанмен танысты.
Жеке инвестор жүзеге асырған жоба - қоғамдық тамақтандыру орны, туристік құрал-жабдықтар дүкені және қоғамдық санитарлық бөлмелері орналасқан туристік ақпараттық орталық.
Ақпараттық орталықта Іле-Алатау ұлттық саябағы туралы қажетті ақпарат бар, бұл үшін Visit Almaty ақпараттық үстелі орнатылды, кеңесшілер жұмыс істейді. Мұнда олар туристік бағыттар, соқпақтар, Ұлттық саябақ аумағындағы нысандар байланыстары, қауіпсіз және жайлы туризм үшін қажетті құрал-жабдықтар туралы мәліметтер береді.
— Біз Тәуелсіздік күні сияқты тамаша мерекеде визит орталығын ашқанымызға қуаныштымыз. Бөгетке барар жолда демалушыларға 15 орындық орнаттық. Жаяу жүргіншілер аймағын да жабдықтамақпыз, - дейді «Тау жол шымбұлақ» ЖШС басшысы Сергей Спицын.
«Медеу» визит орталығының жалпы ауданы 208 шаршы метр аумақта орналасқан. Инвестиция көлемі 100 млн.теңге, сонымен қатар 50 жұмыс орны құрылған.

Таудағы қауіпсіздік пен жайлылық үшін Тұйық-су жолында тікұшақ алаңы салынуда. Сонымен қатар, спутниктік байланыс және SOS дүрбелең түймелері бар таулы маршруттардың шалғайдағы тораптарында 15 тау-құтқару саябағы орнатылды.
2 арнайы бақылау-құтқару бекеті дайындалып,16 адамнан тұратын құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік ететін таулы аймақта орнатылады. Қимасар шатқалында дабыл түймелерін бақылау жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды.
Ақпаратқа сенсек, бүгінгі таңда таулы аймақта 1000 шақырымнан астам таулы жаяу жүргіншілер жолы цифрландырылып, оның 500 шақырымнан астамы абаттандырылыпты. Олардың барлығы 2Gis және ViewRanger платформаларында қол жетімді. Бұл бағыттар бойынша барлық қажетті ақпараттық деректер, соның ішінде туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және жүру уақытымен таныса алатын QR кодтары бар стендтер орнатылған.

Әкімдік хабарлағандай, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 179 шақырымға жуық тау жолдарын абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ Горельник, Просвещенц, Қызылсай, Казачка және Лунная алқабында 6 кемпингтік аймақ құру жұмыстары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық