Тұтқындар полицейлерді өлтірген бұрынғы түрме сатылымға қойылды
Фото: e-auction.gosreestr.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградов ауылдық округінің әкімдігі 29 ғимараттан тұратын кешенді 26,3 млн теңгеге сатуда. Бұған дейін мұнда ЕС 164/4 түрмесі орналасқан, ол көпшілікке «Жаман-Сопка» деген атпен белгілі.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бұрын EC 164/4 түрмесінде ерекше қауіпті қылмыскерлер жазасын өтейтін. Бұл колония қанды оқиғаларымен әйгілі. 1997 жылы Фролов пен Лавриков деген екі қылмыскер қашып, үш күзетшіні өлтірген. Қашқындар жеті сағат бойы сол жерді аралап, көліктерді ұрлап, адамдарды тонаған. Кейін Фролов өзінің серіктесі Лавриковтың көзін құртқан. Қылмыскер ұсталды.
Ал 2010 жылы 38 тұтқын өздерін жарақаттады: олар жұтқан өткір электродтар асқазанға жабысып қалды. Бұл әкімшіліктің қатыгез қарым-қатынасына наразылық ретінде жасалды.
Тұтқындардың туыстары түрме ішіндегі наразылықтың бәрі аштықтан, киім-кешектің, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен, әкімшілік өкілдерінің үнемі ұрып-соғуынан туындайтынын айтты.

Колония үш жыл бұрын жабылған. Облыстық прокуратура мұны мекеме жағдайының нашарлығымен түсіндірді. Дәрігерлер жетіспеді, инженерлік-техникалық желілер ескірген және антитеррорлық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар туындады. Тұтқындар әр түрлі колонияға орналастырылды.
Енді бұрынғы түрме 26,3 млн теңгеге сатылып жатыр. Кешенге казармалар, асхана, монша мен кір жуу кешені, өрт сөндіру бекеті мен ұңғыма кіреді. 1,8 млн теңгеге казарма ғимараты да бөлек сатуға қойылды.
Сатып алушы сатудың тендерлік шарттарын сақтауы тиіс, ол - объектінің тұтастығын кемінде үш жыл сақтау, сондай-ақ кемінде бес жұмыс орнын құру. Кешенді сатып алғысы келетіндер 3,9 млн теңге кепілдік жарнаны, казарма ғимаратына 281 700 теңге төлеуі тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық