Тұтқындағы Гүлнара Каримованың денсаулығына түсініктеме берілді
Соңғы уақыттары Ташкент түбіндегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан Каримованың денсаулығы нашарлағаны жайлы ақпараттар ғаламторда кеңінен тарап, сайттар жарыса жазған болатын. Ішкі істер министрлігінің өкілі Умида Абдуллаева 12 қараша күнгі жиында:
"Гүлнара Каримова Зангиоттағы ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Оның денсаулығы нашарлады деген сыбыс негізсіз" - деп жауап берген болатын.
Абдуллаева Гүлнара Каримованың денсаулығы жайлы «толық ақпарат» жақын арада ақпарат құралдарына таралатындығын ескертті.
Анасынан екіжақты пневмония анықталғанын біліп, колонияның қажетті дәрежеде медициналық көмек бермей жатқанын айтып, шағымданған Гүлнараның қызы Иман Каримова өз Instagram парақшасында:
"Соңғы бірнеше күнде Гүлнара Каримованың денсаулығы нашарлап кетті. Өкпе ауруы ушыққандықтан қазір санитарлық бөлімде жатыр. Оған медициналық көмек көрсетпейді, коронавирус тестінен өтуге рұқсат бермейді, емдеу үшін дәрі-дәрмек, аппараттар беруге де тыйым салынған" деп жазба қалдырған.
Бұрынғы президенттің қызының жағдайына тоқталған сенат төрағасы Танзила Нарбаева «Әйел бола ма, ер адам бола ма, қылмыс жасағандардың барлығы заң алдында жауап беруі тиіс», - деді бейсенбі күнгі баспасөз мәслихаты кезінде.
«Мемлекет мүлкін жымқырды», «салық төлеуден жалтарды» және өзге де қаржылық қылмыстар жасады деп айыпталған 48 жастағы Гүлнара Каримованы қылмыстық істер жөніндегі Ташкент қалалық соты 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған.
Каримова 2019 жылдың наурыз айынан бері Ташкент түбіндегі Зангиот колониясында жазасын өтеп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық