Тәртіпсіздіктер кезінде үндеу жасаған белгілі имам халықтан кешірім сұрады
Видеодан алынған кадр
2022 жылы, 4 қаңтардағы оқиғаларға байланысты үндеу жасаған белгілі имам Қабылбек Әліпбайұлы халықтан кешірім сұрады. Оның айтуынша, видеоүндеудегі сөздерін асығыс айтқан.
– Мен, Қабылбек Жұбай Әліпбайұлы. 2022 жылы 4 қаңтар күні елімізде орын алған оқиғаға байланысты айтқан видеоүндеуіме қатысты мынаны баяндағым келеді: Біріншіден, өзім елде болмауыма байланысты, яғни кіші қажылықта іссапарда жүргенімде, халықтың көшеге шығып, еліміздің ахуалына қатысты үндеулерін көрдім. Алайда соңына дейін қарай алмадым сол себепті асығыстықпен айтқан бұл видеоүндеуімді таратпауларыңызды сұраймын, - деді имам.
Бұл үндеуді дін адамын жаман жағынан көрсеткісі келетіндер пайдаланып жатқанын айтқан Қабылбек Әліпбайұлы түсіністікпен қарауды сұрады.
– Екіншіден, сол кезде айтқан менің видеоүндеуімді үшінші тарап, кейбір пиғылы бұзық кісілер әлі де жамағат арасында таратып, дін адамын жаман кейіпте көрсеткісі келеді. Сол үшін түсіністікпен қарайлауларыңызды сұраймын. Үшіншіден, мемлекеттегі кез келген жағдайға байланысты тек құзырлы мекеме өкілдері ғана белгілі баға беріп, ресми пікір беру керек деген ұстанымдамын. Ал дін қызметкерлері өзіне ғана қатысты міндеттемелерін атқаруы тиіс деп санаймын. Қорыта айтқанда, 4 қаңтар күні жазған видеоүндеуім үшін сіздердің алдарыңызда кешірім сұраймын. Сонымен қатар, баршаңызды түрлі фейк ақпараттардан сақ болуға шақырамын!, - деді имам Қабылбек Әліпбайұлы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық