Тәртіпсіздіктер кезінде «Дикий Арманмен» бірге жүрген депутат жауап алуға шақырылды
Алматы қаласының мәслихат депутаты әрі қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген Facebook парақшасында жазба жариялап, өзін ҰҚК мен Бас прокуратура жауап алуға шақырғанын айтты.
Қазір мен жоспарлы демалыста Дубайдамын. Біз 4 қаңтарда кетеміз деп жоспарладық, мүмкіндік болды, бірақ мен өз халқым мен Отанымды тастап ұшып кете алмадым. Менің демалысым 6 ақпанда басталды, бірақ 5 ақпан күні түскі уақытта маған ҰҚК-ден, ал 7-сі күні Бас прокуратурадан жауап алуға «шақыру» түсті. Барлығы өте дұрыс және сыпайы түрде. Әдейі кетіп қалғандай, олардың алдында өзімді жайсыз сезіндім. Келген соң міндетті түрде Астанаға барамын сөйлесемін, сосын не туралы сөйлескенімді айтамын, - деп жазды депутат.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын айтып берген еді.
6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет Тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, арандатуға берілмеуге шақырдық. Арман адамдарды тек бейбітшілік митингке, Үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып, оны алаңның басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіт келіп, «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін, сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет! - деп жазды депутат.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық