Тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен қазақстандықтар сақтандыру төлемдерін ала алады
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тәртіпсіздіктер кезінде мүлкі бүлінген қазақстандықтарға, оның ішінде кәсіпкерлерге сақтандыру төлемдерін қалай алуға болатынын айтып берді.
Алматыда және еліміздің басқа да өңірлерінде орын алған лаңкестік әрекеттердің салдарынан халық та, кәсіпкерлік субъектілері де зардап шекті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкіне зиян келтірілді. Кәсіпкерлер қыруар шығынға ұшырап, дүние-мүлкіне нұқсан келді.
Агенттік жасалған сақтандыру шартының болуы сақтанушы мен оның мүлкін тәуекелдерден қорғауды қамтамасыз ететінін еске салды.
«Осылайша, егер азамат немесе кәсіпкер ерікті сақтандыру шартын жасаса және сақтандыру жағдайы орын алса, өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірген оқиға, ең алдымен, жасалған сақтандыру шартының талаптарын талдау қажет» делінген агенттік хабарламасында.
Шартта қандай оқиғалар сақтандыру жағдайы ретінде айқындалатынына, сақтандыру сомасының және сақтандыру төлемінің мөлшері қандай екеніне, қандай жағдайларда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін алудан бас тартуға құқылы екеніне және шарттың басқа да маңызды талаптарын қарау керек.
Әрі қарай, егер сақтандыру шартында келтірілген залалдарды өтеу қарастырылған болса, сақтандыру төлемін алу үшін шарт жасасқан сақтандыру компаниясына хабарласу қажет. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру ұйымына ұсынылуы тиіс құжаттардың тізбесі шартта айқындалады.
Сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартқан жағдайда 8 (727) 382- 41-74 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық