Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті
Қазақстандық танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кіріскенін жазды.
«Өмірімнің өрнегі – шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты» деп жазды Қабатов.
Ол ауқымды тележобаларды іске асыру туралы ұсыныс түскенде ойланбастан қабыл алғанын жеткізді.
Еске салсақ, 3 қараша күні Тұрсынбек Қабатов сот шешімі бойынша жесір қалған әйелге қаржының жартысын, яғни жалпы – 8 млн теңгенің 4 миллионын төлеуі тиіс еді. Өйткені, сот төлемдерді ортақ тәртіппен анықтаған. Оның көмекшісі апаттың өлім жағдайына әкелгенін мойындамады. Ол жәбірленушінің мас болғанын және қараңғы уақытта жолға жүгіргенін айтып, ақталмақшы болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық